423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда жылыту маусымына дайындық қарқын алды

  • 201
  • UPD: 09:25, 27.07.2020
Петропавлда жылыту маусымына дайындық қарқын алды

Петропавлда қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары қарқын алды. Биыл шахарда үш жылға жалғасқан ірі жобаны аяқтау жоспарда бар.

Атап айтсақ, сомасы 3 миллиард теңгеге жалпы ұзындығы 18  шақырымға жуық магистарльді және тұрғын үйлер арасындағы жылу құбырлары жаңасына ауыстырылмақшы. Қазір әр учаскеде кем дегенде 40 адамнан еңбек етіп жатыр. Барлық жұмыс қыркүйек айында толықтай аяқталуы тиіс. Жалпы бүгінгі күні Петропавл қаласындағы жылу желілерінің 70 процентінің тозығы жеткен. Сондықтан бұл мәселе кезең-кезеңмен шешіледі. 

Андрей Калиничев, «Петропавл жылу желілері» серіктестігінің бас директоры:

- Мына учаскедегі құбырлардың ауыстырылмағанына 40 жылдай уақыт болған. Салдарынан былтыр жылыту майсымы басталған кезде 4 рет апат болып, тұрғындарға біраз қиындық тудырған еді. Енді мұндай проблема болмайды. Оның үстіне осы маңда университеттің жаңа корпусы салынбақшы. Жаңа тұрғын үй кешендері де бой көтеріп жатыр. Олардың барлығын жылумен қамтамасыз ету үшін енді толықтай мүмкіндігіміз бар.

Хабар 24 телеарнасы