423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қай өңірде жеке кәсіпкерлер көп

  • 217
  • UPD: 10:11, 27.07.2020
Қай өңірде жеке кәсіпкерлер көп

Биылғы шілде айында Қазақстанда 1,2 млн жеке кәсіпкер тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,8% аз.

Сонымен қатар соңғы 3 айдың ішінде олардың саны өсе бастаған: сәуірде – 0,03%, мамырда – 0,3%, маусымда – 0,5%. Оған дейін қатарынан 6 ай бойы тіркелген жеке кәсіпкерлер саны азайды, деп хабарлады finprom.kz.

Жеке кәсіпкерлердің жартысынан көбі автомобиль және мотоциклдер сату мен жөндеу саласында (400,6 мың), сондай-ақ ауыл, орман және балық шаруашылығында (252,4 мың) тіркелген.

Жеке кәсіпкерлер санының едәуір төмендеуі транспорт және қойма саласында (–11,9%), саудада (–9,4%) және жылжымайтын мүлікке қатысты операцияларда (–8,4%) байқалды.

Қазақстан аймақтарының ішінде Алматы қаласында жеке кәсіпкерлер ең көп тіркелген: 159,4 мың – бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5% аз. Одан кейінгі орындарда Түркістан (136 мың) және Алматы (124,5 мың) облыстары тұр.

Бір жыл ішінде елімізде тіркелген жеке кәсіпкерлер саны 17 аймағының бесеуінде ғана көбейді. Ең жоғары өсім Шымкент (+ 3%) және Нұр-Сұлтан (+ 2,9%) қалаларында болған. Тіркелген жеке кәсіпкерлер санының едәуір төмендеуі Шығыс Қазақстан облысында (–12%), сондай-ақ Қостанай (–9,9%) және Ақмола (–9,7%) облыстарында байқалды.

Хабар 24 телеарнасы