429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жоспарлы медициналық қызмет көрсету жұмысы жанданатын болды

  • 231
  • UPD: 12:02, 27.07.2020
Жоспарлы медициналық қызмет көрсету жұмысы жанданатын болды

Тамыз айынан бастап, жоспарлы медициналық қызмет көрсету қалпына келеді. Пандемия кезінде елдегі медициналық мекемелер  COVID-19 –бен күрес шараларына тартылған еді.

Дәрігерлер халықты жаппай қабылдауды уақытша тоқтатты. Алдымен республикалық клиникалардың жұмысы жанданады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Бастапқыда ауруханалардағы профильді және жоспарлы орындар 50 процент болады. Қызметті бастамас бұрын медициналық мекемелер дезинфекциялық тазалаудан өтеді.

Хабар 24 телеарнасы