421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


МӘМС коронавируспен ауырғандардың көбі дәріні өз ақшасына алғанын мойындады

  • 283
  • UPD: 15:28, 27.07.2020
МӘМС коронавируспен ауырғандардың көбі дәріні өз ақшасына алғанын мойындады

Коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеу үшін бөлінетін қаражат көлемі ұлғайтылды. Бұл туралы бүгін Әлеуметтік сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов мәлімдеді.

Айтуынша, ауыр дәрежедегі коронавирусқа шалдыққан әр пациентті емдеу үшін 1,7 миллион теңге қарастырылған. Егер дерт асқынуы орташа деңгейде болса, 446 мың теңге беріледі. Ал жеңіл дәрежедегілерге 292 мың теңге бөлу көзделген. Қор өкілдері бұған дейін науқастардың көбі қажетті дәрі-дәрмек өздері  сатып алғанын растады. Енді хаттамада бекітілген барлық препараттар ұйым тарапынан сатып алынады. Ол үшін «СҚ-Фармация» компаниясымен келісім жасалып, дәрілердің сомасы 100 процент төленді. Сондай-ақ Қор басшысы эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда індетпен күресуге қосымша 110 миллиард теңге бөлінуі мүмкін деді. Ал қор тарапынан тағы 140 миллиард қарастырылып отыр. 

Болат Төкежанов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы:

- Көптеген қазақстандықтар коронавирус пен өкпе қабынуына шалдыққанда диагностика мен дәрі-дәрмекке өз қаражатын жұмсаған болатын. Енді біз ауырып шыққандарды оңалтуға қаржы бөлмекшіміз. Қазір ем жүргізу алгоритмдерін әзірлеп жатырмыз. Біз емхана деңгейінен бастап Оңалту орталықтары мен санаториялық-курорттық ұйымдарға дейінгі барлық деңгейдегі көмек түрлерін қарастырамыз.

Хабар 24 телеарнасы