427,07 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда 500 мыңнан астам АҚШ доллары мемлекетке қайтарылды

  • 482
  • UPD: 14:43, 27.07.2020
Алматыда 500 мыңнан астам АҚШ доллары мемлекетке қайтарылды Kapital.kz

Алматылық ЭТД қызметкерлері жарты миллион доллардан астам қаражатты мемлекет кірісіне тапсырды.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті мемлекет кірісіне жарты миллион АҚШ долларынан астам қаражатты тапсырды.

ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметінің мәліметінше, 540 750 АҚШ доллары сомасындағы ақша бірнеше алматылық фирмадан тәркіленіп алынды. Олар салық төлеуден бас тарту бойынша қылмыстық әрекеттерді іске асырған. Осы ірі соманы іс материалдарына заттай деректер ретінде қоса тіркеген, содан кейін сот шешімімен мемлекет кірісіне айналдырылған.

ҚР ҚК 245-б. 3-б. бойынша сотқа дейінгі тергеу ісінің айыпталушылары (Аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтару) сотталып, әр түрлі мерзімдерге бас бостандығынан айыру жазасына тартылған.

 

Хабар 24 телеарнасы