426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БЖЗҚ жарты жылда салымшыларына 82 млрд теңгеден аса қаржы төледі

  • 246
  • UPD: 15:29, 27.07.2020
БЖЗҚ жарты жылда салымшыларына 82 млрд теңгеден аса қаржы төледі Kursiv.kz

2020 жылдың бірінші жартыжылдығында БЖЗҚ өз салымшыларына 82 миллиард теңгеден аса қаржы төледі.

2020 жылдың алғашқы алты айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 226 573 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 82,2 миллиард теңгеге 1 миллионнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде:

- зейнеткерлік жасқа толу бойынша төлемдер – 30,2 млрд теңге;

- сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 19,2 млрд теңге;

- ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер– 16,8 млрд теңге;

- мұрагерлік бойынша төлемдер – 13,7 млрд теңге;

- жерлеуге берілетін төлемдер – 1,4 млрд теңге;

- мүгедектік бойынша төлемдер – 805 млн теңге.

Бұл ретте кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 22 535 теңгені құрап, ең жоғарғы ай сайынғы төлем сомасы 506 980 теңге болды.

Хабар 24 телеарнасы