425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирус жұқтырғанын адам тілінің түсінен білуге болады – пульмонолог

  • 1303
  • UPD: 17:56, 27.07.2020
Коронавирус жұқтырғанын адам тілінің түсінен білуге болады – пульмонолог Фокус

Алматы Фтизиопульмонология орталығының жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі, фтизиохирург, пульмонолог Абзал Малбасқанов онлайн сұхбат кезінде адамның иіс, дәм сезу мүмкіндігінің төмендеуіне қатысты тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дәрігердің айтуынша, өкпенің денсаулығына кері ықпал ететін факторлардың ішінде темекі мен қорқор да бар.

«Қорқор шегу адам ағзасына зиян. Оны адамдар қоғамдық орындарда шегеді. Оның ішінде туберкулез дертіне шалдыққан кісілерден кейін шеккен адамдар ауру жұқтырады. Қорқорды арнайы ерітіндімен бірнеше сағатқа зарарсыздандыру керек», – деді дәрігер.

Қорқор өкпе қабынуына әкелуі мүмкін.

Фтизиохирург иіс және дәм сезу қабілеті жоғалған адамдарға қатысты да жауап берді.

«Дезинфекциялық құралдарды шашқанда аллергиялық реакция болуы ықтимал. Қысқа уақытқа иіс сезу қабілеті төмендеуі мүмкін. Бірақ аллергияның себебінен дәм сезу қабілетін жоғалту сирек кездеседі. Мұрын құрғақ болса да, адам иіс сезу қабілетінен айырылса, ол коронавирус симптомы болуы ықтимал», – деді Абзал Малбасқанов.

Өкпенің зақымдануы проблемасымен жиі айналысатын маман өзінің дәрігерлік бақылауымен бөлісті. Оның айтуынша, коронавирус жұқтырған адамда күмән болса, тілінің түсінен анықтауға болады.

«Адамда күмән болса, айнаға қарап, тілін көруі керек. Тілінің түсі қарайып тұрса, коронавирус болуы мүмкін. Бұл ағзаның жағдайын көрсетеді», – деді дәрігер.

Хабар 24 телеарнасы