419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда ақылы жағажай басшысына айыппұл салынды

  • 538
  • UPD: 22:37, 27.07.2020
Ақтауда ақылы жағажай басшысына айыппұл салынды

Ақтауда да жағажайлар карантинге жабылып, сақтық шаралары күшейтілген еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ шаһардан 7 шақырым шалғай жатқан ақылы жағажайда жұрт қаннен қаперсіз. Демалушылар бетпердесіз, бір-бірімен аралас -құралас жақын жүр. Қонақ үй кешені жанындағы бассейн де жұмыс істеп тұр. Жағажай аумағында залалсыздандыру жұмыстары да жөнді жүргізілмеген көрінеді. Сөйтіп басшысы карантин тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартылды. Енді ол 115 айлық-есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді.  

Асима Жарылғасова, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы:

– Әлгі жағажайдың басшылығы заңның 425-ші бабының 1-бөліміне сәйкес әкімшілік шара қолданылды. Ақтаулық кәсіпкерлердің барлық карантин талаптарын сақтайды деген сеніммен ақылы жағажайлардың жұмыс жасауы рұқсат берілген болатын. Алайда кешегі өткен рейдтік шаралар кейбір азаматтардың әлі де болса іске жауапсыздығын көрсетіп отыр. Мобилдік топтардың жұмысы алдағы уақытта жалғаса береді. Заңбұзушылықтар қайталанған жағдайда материалдар дереу сотқа жіберіледі.

Хабар 24 телеарнасы