Ол Ғалым Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың қоймасынан әрі қарай аймақтың провизорлық орталықтарына таратылады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жүктің діттеген жеріне жеткізілуін «Ertis - adaldyq alany» жобалық кеңсесінің өкілдері қадағалайды. Волонтерлердің көмегімен барлық затқа тегін гуманитарлық көмек-деген мөр басылды. Емдеу мекемелері бүгіннен бастап осы дәрі-дәрмек, қорғаныс қалқаншалары, көзілдіріктер, халаттар, медициналық және хирургиялық маскалармен толыға бастайды. Гуманитарлық көмектің арасында коронавирус инфекциясына қарсы қолданылатын «Авифавир» дәрілік препаратының 170 қаптамасы бар.
Ардақ Балғожин, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының бірінші орынбасары:
– Бүгін жүк өте көп келді. Бізге облыстық волонтерлер ұйымы көмекке келді. Олар гуманитарлық көмекпен келген дәрі-дәрмектер мен бұйымдарға мөр басып жатыр. Бұл провизорлық госпитальдарға бағытталған көмек. Сондықтан талан-таражға түспеуі керек.