430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Қошқарбаев даңғылы жартылай жабылды

  • 240
Елордада Қошқарбаев даңғылы жартылай жабылды

Жүргізушілер маршрутын алдын ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Қошқарбаев даңғылында Сарыкөл көшесінен Қордай көшесіне дейін жол құрылысын салу жоспарланған, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы. Осыған орай 28 шілде мен 12 тамыз аралығында көлік қозғалысын жартылай жабу жоспарланған.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлауы керек.

«Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген басқарма хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы