431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысындағы мобильді бригадалар күн сайын 800 науқасқа көмек көрсетеді

  • 229
  • UPD: 11:29, 28.07.2020
Алматы облысындағы мобильді бригадалар күн сайын 800 науқасқа көмек көрсетеді

Алматы облысындағы мобильді бригадалар күн сайын 800-ге жуық адамға көмек көрсетеді, хабарлайды «Хабар 24».

Олар 103 нөмірі мен call-орталыққа хабарласқан науқастардың үйіне барады. Өкпе қабынуына шалдыққандардың дене қызуын өлшеп, қандай дәрі-дәрмек қабылдау керектігі және санитарлық талаптар жайлы да мол мағлұмат береді. Арнайы жасақталған мобильді бригаданың 25-і Алакөл ауданында жұмыс істеп жатыр. Олар күн сайын 100 шақты тұрғынның денсаулығын тексеріп қайтады. Мамандар үшін жергілікті әкімдік тарапынан жеңіл автокөлік бөлінген. Жалпы ем-дом көрсетудің жаңа жүйесі қазірдің өзінде оң нәтиже бере бастапты.

Батыржан Байжұманов, облыс әкімінің орынбасары:

- Өңіріміздегі аудан орталықтары мен ауылдарда 390 мобильді бригада құрылған. Олар тұрғындарға амбулаторлық көмек көрсетеді. Осындай мобильді бригадалардың жұмысы нәтижесінде жедел жәрдем қызметін шақырту екі есеге қысқарды.

Хабар 24 телеарнасы