431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейге алтын жасырылған қаптарды алып өтпек болғандар ұсталды

  • 172
  • UPD: 12:36, 28.07.2020
Ресейге алтын жасырылған қаптарды алып өтпек болғандар ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласынан Ресейдің Челябинск облысына кетіп бара жатқан жүк көлігінен 250 млн теңге болатын алтын жасырылған қаптар анықталды, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

«2020 жылғы 27 шілдеде ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері «Қайрақ» автомобиль өткізу пунктінде Нұр-Сұлтан қаласынан Ресей Федерациясының Челябинск облысына кетіп бара жатқан жүк көлігін тексеру кезінде жалпы салмағы шамамен 10 тонна болатын 12 қапқа салынған алтын анықтады. Құжат бойынша жүк кварцит ретінде рәсімделген», - делінген хабарламада.

Сарапшылардың пікірі бойынша, алтыны бар 1 тонна кеннен 1 кг дейін таза алтын шығады. ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша, 1 грамм алтынның құны – 25 213 теңге. Алдын ала бағалауға сәйкес алынған өнімнің сомасы шамамен 250 млн теңгені құрауы мүмкін.

Ұсталған жүк процессуалдық баға беру үшін Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырылды.

Хабар 24 телеарнасы