414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Эколог Мұсағали Дуамбеков дүниеден озды

  • 389
  • UPD: 14:11, 28.07.2020
Эколог Мұсағали Дуамбеков дүниеден озды

Қазақстандық ғалым, эколог Мұсағали Дуамбеков қайтыс болды.

Бұл туралы Мәжілістің бұрынғы депутаты Айгүл Соловьева Facebook желісіндегі парақшасында айтты, деп хабарлады Tengrinews.kz.

«Бүгін таңғы сағат 8-де менің досым, белсенді қоғам қайраткері және нағыз азамат, аяулы әке Мұсағали Дуамбеков қайтыс болды! Иманды болсын!», - деп жазды Айгүл Соловьева.  

Мұсағали Дуамбеков 1961 жылы 5 мамырда Жамбыл облысының Қаратау қаласында дүниеге келген. Қазақ политехника институтының Қаратау филиалын, қазіргі Мәскеу мемлекеттік құрылыс университетінің аспирантурасын бітірген. 100-ден астам ғылыми жарияланымның және өнертабыстың авторы. Техника ғылымының докторы, профессор. Оның «Қазақстан экологиясы», «Каспий теңізінің экологиялық қауіпсіздігі», «Экологиялық менеджмент» тағы басқа кітаптары жарық көрген. 1990-1996 жылдары Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің оқытушысы, деканы, 1996-1998 жылдары Тараз университеті инженерлік-техникалық мамандықтарының Қаратау оқу-ғылыми методикалық кешені директорының орынбасары, «Кәсіпорындарды тарату және қайта құру агенттігі» АҚ Жамбыл филиалы директорының орынбасары, 1998-2000 жылдары Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитетінің төрағасы болған.

2000-2001 жылдары – Тараз мемлекетік университеті жанындағы экологиялық-экономикалық мәселелер ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері. 2001-2003 жылдары – ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрінің кеңесшісі, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» ЖАҚ Техникалық департаменті директорының орынбасары. 2003-2004 жылдары – Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Ақмола филиалының директоры. 2004-2005 жылдары – «Жасыл ғаламшар үшін» экологиялық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы. 2007-2011 жылдары «Экологиялық таза тағам» журналының бас редакторы. 2011-2012 жылдары «Қарабура әулие мәдени орталығы» қоғамдық қорының президенті, 2012 жылдан бастап «Халықтық жемқорлыққа қарсы комитет» қоғамдық қорының президенті болған. 

 

Хабар 24 телеарнасы