429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздегі коронавирус жұқтырған әскери дәрігерлер де үстемақы алады

  • 492
  • UPD: 15:17, 28.07.2020
Еліміздегі коронавирус жұқтырған әскери дәрігерлер де үстемақы алады

Тиісті қаулыға Үкімет басшысы қол қойды, хабарлайды «Хабар 24».

Соған сәйкес, олардың жалақысына кемінде 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаражат қосылады. Қаулыда көрсетілген өзгерісті денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыруы тиіс. Енді әскери дәрігерлер вирус жұқтыру деңгейіне қарай үш түрлі тәуекел тобына жатқызылып, 5, 10 және 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде үстемақы алады. Естеріңізге салайық, бұған дейін біздің арна тілшілері Алматыдағы әскери госпитальде еңбек етіп жүрген 24 қызметкердің коронавирусқа шалдыққанын хабарлаған еді. Олар қызмет барысында ауру жұқтырса да, әлеуметтік төлем алушылар тізіміне енбеген. Кейін дәрігерлер осы мәселемен тиісті органдарға жүгініп, шағымдарын жеткізді. Араға бір апта салып, олардың өтініші орындалды.

Хабар 24 телеарнасы