423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тамызда Таиланд, Түркия мен Грузияға әуе қатынасы ашылуы мүмкін

  • 319
  • UPD: 17:50, 28.07.2020
Тамызда Таиланд, Түркия мен Грузияға әуе қатынасы ашылуы мүмкін

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков тамызда Таиланд пен Грузияға әуе рейстері ашылуы мүмкін екенін мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Өздеріңіз білетіндей, осы жылдың 26 маусымынан бастап Түркия мен Оңтүстік Кореяға халықаралық қатынас ашылған болатын. 2020 жылдың 20 маусымы мен 4 шілдесі аралығында 622 қазақстандық азамат туркомпания қызметтерін пайдаланып, Түркияда демалуға мүмкіндік алды. Осылайша, шығу туризмі саласындағы компаниялар туристер алдындағы, оның ішінде бұрын ауыстырылған жолдамалар бойынша өз міндеттемелерін орындауды бастады», - деді Дастан Рыспеков ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет төрағасының айтуынша, өкінішке қарай эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты қазіргі уақытта Түркияға рейстер уақытша тоқтатылған. 

«Эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанын ескере отырып, қазіргі уақытта бірқатар елмен әуе қатынасын қалпына келтіру мәселелері қарастырылуда. Оның ішінде тамыз айында Таиланд пен Грузияға рейстер ашу жоспарланған», - деді ол.

Айтуынша, 10 тамыздан бастап Түркияға әуе рейстерін жандандыру мәселесі пысықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы