423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте коронавируске шалдыққандарға психологиялық көмек көрсетіледі

  • 168
  • UPD: 20:50, 28.07.2020
Шымкентте коронавируске шалдыққандарға психологиялық көмек көрсетіледі

Шымкентте короновируске шалдыққан науқастарға психологиялық көмек көрсетілетін болады. Психологиялық оңалту жұмысын тұрғындар «1430» қосымшасына тіркеліп, онлайн түрде алады.

Арнайы мобильді қосымша осы жылдың 15 шілдесінде іске қосылды. Қазір қалада кеселдің таралуы біршама бәсеңдеді. Шілденің басындағы көрсеткіштермен салыстырғанда вирус жұқтыру деректері екі есеге төмендеген. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов Үкімет отырысында мәлімдеді. Жалпы Шымкентте COVID-19-ды 4700-ден аса адам жұқтырған. Оның  3 мыңға жуығы емделіп шықты. Қазір қалада жедел жәрдемге жүгінетіндер де азайған. Стационарларда бос орындар көбейе бастады. Қалада қосымша 197 мобильді бригада құрылып, 16 мыңға жуық науқасқа үй жағдайында стационарлық қызмет көрсетілген. Ал қоймаларда бір айлық дәрінің қоры бар.

Темірхан Варзилов, қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а.:

- Бұл «1430» мобильді қосымшасында білікті психологтар тобы жұмыс істейді. Мамандар коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан науқастарға психологиялық оңалту жұмыстары бойынша онлайн түрде кеңес береді. Аталған індеттің нейротоксикалық әсері болғандықтан науқастың бойында үрей қалады. Сол себепті күйзелістен арылтып, қалыпты өміріне бейімдеу үшін бұл көмектің маңыздылығы ерекше.

Хабар 24 телеарнасы