431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пара алған судьялар жазадан айыппұл төлеумен құтылмайды

  • 362
  • UPD: 20:45, 28.07.2020
Пара алған судьялар жазадан айыппұл төлеумен құтылмайды

Енді аса ірі көлемде пара алған судьялар, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері бірден түрмеге қамалуы мүмкін.

Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңға ұсынылған түзетулердің бірі. Бұрынғы заңнама бойынша пара алған судьялар мен құқық қорғау қызметкерлері бірнеше есе айыппұл төлеп, қылмыстық жауапкершіліктен босатылатын. Тың түзетулер сондай жағдайды тиып, құзіретті орган қызметкерлері мен судьялардың сыбайлас жемқорлық бойынша жауапкершілігін күшейтеді дейді мамандар. Заң жобасын талқылау үшін онлайн-форматта өткен жиында шетелдік сарапшылар, қазақстандық ғалымдар мен қоғам қайраткерлері пікір алмасты. Жалпы заңнамаға 13 бағыт бойынша өзгеріс енгізу көзделген.

Нығметжан Сапаров, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы: 

- Мемлекет пен мемлекеттік органдар ашық болуы үшін қоғаммен бірге жұмыс істеу. Қоғамның белсенді ұйымдарын ашық көрсету, жұмысын көрсету. Шет мемлекеттерде, банктерде есеп-шот ұстамау, өзі болсын, баласы болсын, әйелі болсын. Қаралған соң Агенттікке жібереміз, агенттік оны мемлекеттік органдарға жібереді. Оны жинақтап, бәрін сараптап, ары қарай Президентке, Мәжіліске жібереді. Қабылданса заң жұмыс істейтін болады.

Хабар 24 телеарнасы