424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда той тойлап, санитарлық талаптарды ескермейтіндер қатары азаяр емес

  • 303
  • UPD: 20:32, 29.07.2020
Оралда той тойлап, санитарлық талаптарды ескермейтіндер қатары азаяр емес

Тіпті тапа тал түсте мейрамханаға жүздеген адам жинап, мерейтой өткізетіндерді мониторингтік топ өкілдері анықтап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тексеріс барысында тыйымға қарамай, түн ортасына дейін жұмысын жалғастырған дәмхана мен дүкендердің де бар екені белгілі болды.

Сонымен бірге қаладағы монша, сауналар мен компьютер клубтары да санитарлық талаптарды өрескел бұзған. Клубтардың бірінде 50 адамға дейін жиналып көңіл көтерген. Осындай келеңсіз жағдайларға байланысты 40 шақты жеке және 200-дей заңды тұлғаға қатысты іс материалдары тиісті орындарға жолданыпты. Заң бұзу деректері жөнінде қала тұрғындары 109 қызметіне де хабарлай алады дейді мамандар.

Аслан Жармұханов, қала әкімдігінің бөлім басшысы:

- 100 шақты адамның қатысуымен болған бірнеше тойды әшкереледік. Өкінішке қарай, адамдар қандай жолмен болса да той өткізуге тырысады. Ал адамдар көп жиналатын іс-шаралар ұйымдастыру санитарлық талаптарды өрескел бұзу болып саналады. Ол үшін жеке тұлғаларға 30, ал заңды тұлғалар үшін 230 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу көзделген.

Хабар 24 телеарнасы