431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: Түркістан облысында волонтерлер мен ел азаматтары көмекке келді

  • 267
  • UPD: 09:27, 29.07.2020
COVID-19: Түркістан облысында волонтерлер мен ел азаматтары көмекке келді

Коронавирус індетіне қарсы күресте волонтерлер мен жомарт азаматтардың еңбегі ерен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түркістан облысының Бәйдібек ауданында волонтерлер тұрмысы төмен отбасылар мен ардагерлерге, аурухана қызметкерлеріне 50 мың бетпердені тегін таратты. Бұл игі іске мұрындық болған жас кәсіпкер Шаян елді мекенінен тігін цехын ашып, медициналық бетперде тігуді қолға алған. Қазір шағын кәсіпорында ерікті жастар еңбек етіп жүр. Бүгінгі күнге дейін өндіріс орнында 100 мың дана бетперде тігілген. Ауыл азаматының елге деген жанашырлығы бұл ғана емес. Ол карантин кезінде өз қаржысы есебінен Шақпақ ауылдық ауруханасының ем қабылдайтын бір бөлмесіне заманауи құрал-жабдықтар әкеліп берген болатын. Қазір бұл ауруханада жедел респираторлық вирустық инфекция мен пневмония дертіне шалдыққан науқастар ем алып жатыр.

Әлия Педенова, Бәйдібек аудандық орталық ауруханасының бөлім меңгерушісі:

– Осы індет басталғалы Шақпақ ауылдық ауруханасында оңалту бөлімінде жұмыстар атқарылуда. Әрбір келген науқасқа өз көмегімізді көрсетудеміз. Бір-бірімізді қолдайық. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дейді қазақта. Бәріміз біргеміз.

Хабар 24 телеарнасы