427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


42 500 теңгелік жәрдемақы: өтініш қабылдау 1 қыркүйекке дейін жалғасады

  • 424
  • UPD: 12:37, 29.07.2020
42 500 теңгелік жәрдемақы: өтініш қабылдау 1 қыркүйекке дейін жалғасады

Бір тәулікте 100 мыңнан астам отандасымызға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 мың 500 теңге төленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, шілдедегі шектеу шараларына байланысты бүгінге дейін 1 миллион 981 мың қазақстандық 42 мың 500 теңге алды. Жалпы біржолғы төлемді алуға 2 миллион 200 мың адам өтініш білдірген. Олардың 2 миллионы мақұлданды. Өтініш бірнеше арналар арқылы қабылданды. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шілде айында карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты табысынан айырылғандарға ең төменгі жалақы мөлшерінде біржолғы төлем жүзеге асырылатын болады. Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы