420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесін жаңғырту жұмысы аяқталды

  • 185
  • UPD: 11:35, 29.07.2020
Түркістан облысындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесін жаңғырту жұмысы аяқталды

Нысан үш жылдан бері жабық тұрған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күмбездің тарихи келбеті сақталған. Желдеткіш қабаттары ретке келтірілді. Келешекте бұл маңда туристер демалатын, қалың бау-бақшалы селфи-аймақ жасақталады. Тарихи нысанның «Тақия қақпасы» аумағында қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көпшілік ортағасырлық Күлтөбе қалашығы, Хан ордасы мен мешіті орналасқан магистралды көше бойындағы археологиялық қазба жұмыстарына да куә. Сондай-ақ өңірдегі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты тарихи орындар да жаңғыртылуда. Ал Яссауи кесенесінде атқарылған жұмыстың барлығы ЮНЕСКО-мен келісе отырып жүргізілді.

Хабар 24 телеарнасы