420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысының ауруханаларына демеушілер 70 дана оттегі концентратын сыйлады

  • 226
  • UPD: 14:12, 29.07.2020
Қостанай облысының ауруханаларына демеушілер 70 дана оттегі концентратын сыйлады

Түркия және АҚШ-та жасалған құралдар көмегімен тыныс алу жеткіліксіздігі бар науқастар емделеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Медициналық аспап өздігінен оттегі шығара алады. Бір аппаратқа екі адам қосылады. Қазір аймақтағы стационарларда 250-ге жуық осындай құрылғы орнатылған. Бірақ бұл жеткіліксіз дейді дәрігерлер.

Ерболат Доспанов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Бұл оттегі құралы 5 литрлік. Науқастың жанына қойылып, оттегі беріледі. Қазіргі уақытта 250 құрал бар. Бүгін тағы 70-і келді. Тағы 300-дей тапшылық бар.

Жаннат Молдатаева, облыстық фтизиопульмонология орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

– Біздің мекеме 100 науқасқа арналған. Қазір 55 науқас жатыр. Оның 50 проценті осындай оттегі қолдауына қосылады. Естіп жатсыздар, қазір науқастарға оттегі жетпей жатыр. Сол себептен мұндай концентраторлар үлкен көмегін көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы