425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дағыстандық еріктілер Маңғыстауға гуманитарлық көмек жіберді

  • 205
  • UPD: 14:12, 29.07.2020
Дағыстандық еріктілер Маңғыстауға гуманитарлық көмек жіберді

100 мың дана бетперде, 13 мың қорғаныш костюмі мен 2 мың антисептик таяу күндері жергілікті емдеу мекемелеріне жеткізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Медициналық бұйымдарды Ресейден алдыртуға Ақтаудағы «Дағыстан» этномәдени бірлестігінің өкілдеріне араласуға тура келген. Жүк қысқа мерзімде жинақталып, кемемен жіберілді. Су айлағына келген соң қоймаға түсірілді. Ол жерде мониторингтік бақылау тобы тауарларды санап алып, аудан-қаладағы провизорлық орындарға сұраныс бойынша үлестірген. Айта кетейік, гуманитарлық көмектің бір бөлігі полицейлерге де тегін таратылады.

Магомед Куруглиев, «Дағыстан» этномәдени бірлестігінің өкілі:

– Дұрыс түсіну қажет, бұл мемлекеттің көмегі емес. Ресейдегі еріктілер қозғалысының мүшелері білдірген материалдық қолдау деп қабылдаңыз. Яғни Қазақстанға бауырлас ұлттың маңғыстаулықтарға ілтипаты. Біз оларға ризамыз. Өздері ұсыныспен шығып, не қажеттігін сұрады. Оқшаулау орындарына қажет тауарларды тез арада жинап, Ақтау портына жіберді.

Хабар 24 телеарнасы