422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысы Жәйрем кентінің тұрғындары ерекше табиғи құбылыстың куәсі болды

  • 365
  • UPD: 15:24, 29.07.2020
Қарағанды облысы Жәйрем кентінің тұрғындары ерекше табиғи құбылыстың куәсі болды

Аспанда қою қара бұлт қатар-қатар сап түзеп, ұзыннан-ұзақ созылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сап түзеген сарбазға ұқсаған ақша бұлтты көргендер алғашында шошып та қалған. Мамандар мұндай табиғи құбылыс негізінен теңіз жағасында орналасқан елдерде жиі кездеседі дейді. Теңізден көтерілген жылы ауа салқын фронтпен араласқанда осындай құбылыс болатын көрінеді. Ал бұл жағдай соңғы тәуліктегі Қарағанды облысындағы жаңбырлы атмосфера нәтижесінде болуы мүмкін деп отыр синоптиктер.

Хабар 24 телеарнасы