429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дәрігерлер: Коронавирустан оқшаулану арқылы ғана сақтана аламыз

  • 257
  • UPD: 18:10, 29.07.2020

Президенттің карантин мерзімін ұзарту шешімі туралы дәрігерлер былай дейді: екі апталық шектеулер індеттің бетін қайтарып қоймай, адамдардың санасына да сілкініс береді.

Дәрігер-эпидемиолог Лена Қасабекованың айтуынша, елімізге келген коронавирус құбылмалы қасиетке ие. Тіркелген науқастар індеттің жеңіл, орташа, тіпті ауыр түріне де шалдығып жатыр. «Қазір нақты емі не вакцинасы айқындалмаған вирустан оқшаулану арқылы ғана сақтана аламыз», - дейді маман.

Лена Қасабекова, Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг орталығының дәрігер-эпидемиологы:

- Қазақстанда вирус өзінің барлық вируленттік дейміз ғой, ауру шақыратын қасиетін толығымен көрсете алды. Өзіңіз көріп отырсыздар, бүгінгі күні бізде жеңіл түрі де, орташа түрі де, тіпті ауыр жағдайлар да тіркеліп жатыр. Бүгінгі күні карантин вирусты таратпаудың бірден-бір дәлелденген жолы болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы