432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде коронавирусқа қарсы іс-шаралардың атқарылуы қоғамдық бақылауда

  • 226
  • UPD: 18:12, 29.07.2020

Ақтөбеде індетке қарсы бағытталған істердің сапалы атқарылуын «COVID-19 Қазақстан» волонтерлік қозғалысы да бақылап отыр, хабарлайды «Хабар 24».

Екі бірдей министрліктің қолдауымен құрылған ұйым мүшелері бүгін қаладағы провизорлық орталықтардың бірінде болып, жағдайымен танысты. Науқастармен жүздесіп, емдеу ісіне қажетті дәрі-дәрмек қоры мен өзге де көмек түрлерінің жеткізілуін білді. Бүгінде қозғалыстың облыс бойынша 40 мүшесі бар. Олар ауруханалардағы ахуалды, өңірге келген гуманитарлық көмектің үлестірілуін және дәріханалардағы баға саясатын бақылауға алған. Бүгінге дейін аймаққа Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Катар, Түркия, Ресей, Өзбекстаннан жеткізілген препараттар мен қорғаныш құралдарын 40-тан астам емдеу мекемелеріне жетуін жіті қадағалаған. Енді Израиль мен Грузия елдерінен келуін күтіп отыр. Ал, дәрі-дәрмек бағасының негізсіз көтеру дерегіне орай құзырлы органдарға шағым түсірген.

Марина Цыганкова, «COVID-19 Қазақстан» волонтерлік қозғалысының аймақтық үйлестірушісі:

- Біз ауруханалардағы науқастар мен медицина қызметкерлерінің жағдайына баса назар аударамыз. Құқықтарының қорғалуы, қажетті жабдықтармен қамтылуы, тіпті ғимаратқа керек жөндеу жұмыстарын да есепке аламыз. Шағымдар болса, тиісті ұйымдарға жеткіземіз.

Нұрболат Махмутов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бас маманы:

- Шағымдар әртүрлі. «Дәріханаларда дәрі бағасы өте жоғары» деген де шағымдар болды. Ол бойынша да шығып, қоғам белсенділерімен, арнайы мониторинг тобымен, адалдық алаңы жобалық кеңсесімен және де «COVID-19 Қазақстанмен» шығып, сол шағымдарды дереу шешіп, тиісті тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Хабар 24 телеарнасы