426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында колледж студенттері дәрігерлерге көмекке келді

  • 243
  • UPD: 19:40, 29.07.2020
Қостанай облысында колледж студенттері дәрігерлерге көмекке келді

Қостанай облысындағы жоғары медицина колледжінің студенттері дәрігерлерге көмекке келді, хабарлайды «Хабар 24».

Бұл оқу орнында 594 студент білім алады. Солардың 154-і коронавирусқа қарсы күреске жұмылдырылды. Жиырмадан астамы провизорлық орталықтарға орналасқан. Екінші курста оқитын Мария Власова екі апта бойы облыстық аурухана жанындағы стационарда еңбек етеді. Оның міндеті – дертті жұқтыруы ықтимал, вирусқа тест тапсырған науқастардың жағдайын бақылау. Сонымен бірге 70 адамға шақталған бөлімнің тазалығына жауапты. Талапты жас жаңа оқу жылында сабақ қашықтан жүргізілсе, ауруханадағы жұмысын қатар алып жүрмек.

Мария Власова, жоғары медицина колледжінің студенті:

- Әрине, бастапқыда кішкене үрей болған. Бірақ мені анам қолдады. Ол сонда медбике болып істейді. Ауысымға екеуіміз шығамыз. Курстас балалар мен қыздарды да көріп тұрамын. Дәрігерлерге волонтер ретінде көмектесіп жүр. Құжаттар толтырып, оттегі баллондарын тасымалдайды.

Хабар 24 телеарнасы