423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР АШМ: Жыл басынан бері 18 млн мал тексерілді

  • 215
  • UPD: 21:22, 29.07.2020
ҚР АШМ: Жыл басынан бері 18 млн мал тексерілді

Ауыл шаруашылығы министрлігі жыл басынан бері 18 миллионнан аса малды тексергендерін айтады, хабарлайды «Хабар 24».

Республика бойынша жүргізілген сынама нәтижесінде 33 мың бастан ауру табылған. Жаңағы Ақтөбе өңірінде осындай 2 мыңға жуық жағдай тіркеліпті. «Бірақ бұл салыстырмалы түрде төмен көресткіш», - дейді министрлік өкілдері. Яғни, аурудың тарау деңгейі небәрі 0,2%. Ал, Тасөткел ауылдық округінде 1300-ге жуық ірі қара тексеріліп, оның 69-ынан бруцеллез анықталған. Құзырлы министрлік «көзі жойылған малдың орнына өтемақы төленді», дейді.

Салтанат Әбілқасымова, ҚР АШМ Ветеринарлық шаралар мен азық-түлік қауіпсіздігін ұйымдастыру басқармасының жетекшісі:

- Мал иелеріне 100% өтемақы төленді. 30%-і жергілікті бюджеттен, 70%-і ет өңдеу кәсіпорындары есебінен жүргізілді. Қазір ветеринарлық мамандар сол ауылдарда түсіндірме жүргізіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы