423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сенат сайлауына Қостанай облысынан төрт кандидат тіркелді

  • 219
  • UPD: 21:59, 29.07.2020
Сенат сайлауына Қостанай облысынан төрт кандидат тіркелді

12 тамызда өтетін елдегі Сенат сайлауына Қостанай облысынан төрт кандидат тіркелді, хабарлайды «Хабар 24».

Үміткерлердің үшеуі өздерін ұсынса, біреуі аудандық мәслихат атынан сайлауға түседі. Олардың орташа жасы 45-тен аспайды. Мемлекеттік органдар, бизнес және білім саласының өкілдері. Облыс орталығындағы Жастар сарайында белгіленген дауыс беру шарасына 275 таңдаушы қатысады. Қазір барлық кандидаттар сайлауалды үгіт-насихатқа кірісіп кетті.

Александр Малашко, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Сайлау күні санитария ережелері қатаң сақталады. Дауыс беру арнайы кабинкаларда өтеді. Жабық кеңістік болмайды. Таңдаушылар арасында 1,5 метрлік әлеуметтік арақашықтық ескеріледі.

Хабар 24 телеарнасы