423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақтала бастады

  • 273
  • UPD: 01:13, 30.07.2020

Қазір науқастар қатары айтарлықтай азайды, хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін облыс әкімі коронавируспен күрес және облыс экономикасын одан әрі дамыту бағытында қолға алынған жұмыстар жөнінде арнайы баспасөз мәслихатын өткізді.

Сыр өңірінде індетке шалдыққандардың 69%-тен астамы жазылып шықты. Вирус өршіген кезде лық толған ауруханалардағы жағдай тұрақталды. Стационарлардағы жүктеме орта есеппен 34%-ке жеңілдеген. Өңірде тағы 4 ПТР тест аппараты іске қосылып, жалпы санын 10-ға жеткізу көзделіп отыр. Осылайша, тәулігіне 1500 сынама нәтижесін анықтауға мүмкіндік туады.

Гүлшара Әбдіқалықова, облыс әкімі:

- Жұмыс істеп тұрған 107 өкпені жасанды желдету аппараты бар. Қажеттілік қосымша 144-і құрайды. Жергілікті бюджеттен 14 аппаратқа қаржы қаралды. Сатып алу процесі жүруде. Денсаулық министрлігіне 192 өкпені жасанды желдету аппаратына тапсырыс берілді.

Карантин талаптарын бұзған 62 тұлғаға әкімшілік айыппұл салынған. Осындай жүйелі жұмыс нәтижесінде аймақтағы ахуал тұрақталып келеді. Жедел жәрдемге түсетін шақыртулар саны да 53%-ке азайған. «Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті», - деді облыс әкімі.

Гүлшара Әбдіқалықова, облыс әкімі:

- Облыстың барлық емдеу мекемелері бірінші типтегі костюмдермен, қорғаныс құралдарымен сонымен қатар қажетті бекітілген 26 түрлі дәрі-дәрмектердің 2 айлық қоры қалыптасты. Үйдегі стационар қағидасы бойынша облыс көлемінде 160 мобильдік топ жұмыс жасауда.

Әлеуметтің әл-ауқаты мен экономиканы дамыту шараларының да жоспары түзілген. Бұл ретте жүздеген жоба жүзеге асып, мыңдаған адам жұмыспен қамтылмақ.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов, Айтмұхамед Бәйділдаев

Хабар 24 телеарнасы