420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте балалары түнде серуендеген 252 ата-ана жауапқа тартылды

  • 268
Шымкентте балалары түнде серуендеген 252 ата-ана жауапқа тартылды polisia.kz

Балаларының түнгі серуені үшін 252 шымкенттік ата-ана жауапқа тартылды.

Шымкентте «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы аумағында шілде айының 20-31-і аралығында «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның тоғыз күнінде ішкі істер органдарына 261 жасөспірім жеткізілген. Оның ішінде тоғыз жасөспірім құқық бұзушылыққа бейім санатымен есепке қойылды. Ал кәмелетке толмағандар тәрбиесіне қатысты 259 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Сондай-ақ түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде болған 252 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық хаттама толтырылды.

Хабар 24 телеарнасы