426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алтын бұйымдардың бағасы өсті: қай өңірлерде қымбат

  • 564
  • UPD: 10:09, 30.07.2020
Алтын бұйымдардың бағасы өсті: қай өңірлерде қымбат

Қазақстанда алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар бағасы 9,5% қымбаттады.

Маусым айында зергерлік бұйымдар өндірісі 62,6 млн теңгені құрады, деп хабарлады energyprom.kz.

Ал мамыр айында бұл көрсеткіш одан да төмен болды: бар-жоғы 55,5 млн теңге.

2020 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда зергерлерлік бұйымдар өндірісінің көлемі 434,7 млн теңгені құрады (нақты өсім бір жылда 32,1%). Өткен жылы жалпы өндіріс көлемі 742 млн теңгеден асқан болатын.

2020 жылғы маусым айында еліміздің ірі қалалары мен мегаполистеріндегі алтын зергерлік бұйымдардың орташа бағасы бір грамм үшін 18,3 мың теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 9,5% көп.

Сары металдан жасалған ең қымбат зергерлік бұйымдар Нұр-Сұлтан, Ақтау мен Атырау қалаларында.

Хабар 24 телеарнасы