431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында табиғатты таза ұстамағандар айыппұл төлейді

  • 248
  • UPD: 10:16, 30.07.2020
Қостанай облысында табиғатты таза ұстамағандар айыппұл төлейді

Шілденің 24-інен бері Қостанай облысында экологиялық рейд өткізіліп жатыр. Бұл шараға экологтар мен полиция қызметкерлерінен құралған 12 шұғыл топ  тартылған. 

Олар бір аптаның ішінде табиғатты қорғау заңдылығын бұзудың 175 дерегін анықтады. Оның негізгі бөлігі елді мекендерде тазалықты сақтамауға қатысты. Мысалы, тек облыс орталығында қоқысты әр жерге төгу жәйті бойынша 48 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Шұғыл топ саябақ, жағажайларда экологиялық ахуалды ғана емес, карантиндік талаптардың да сақталуын қадағалайды.

Ерлан Есенеев, мемлекеттік экологиялық инспектор:

- Рейдтік мақсат жазалау емес, халықты тазалыққа шақыру. Өзен, көлдер болсын жағалауларына демалған адамдардымыз тастап кетеді, пластикалық бөтелке болсын, апарған пакеттері болсын, тамақтары болсын бәрін тастап кетеді. 0056 08 Алғашында енді ескертумен шектеліп жатырық көбіне, Екіншіде енді ұсталған болса, айыппұл салынады.

Хабар 24 телеарнасы