421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 2 млн-нан астам адам 42 500 теңге алды

  • 144
Елімізде 2 млн-нан астам адам 42 500 теңге алды gov.kz

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,3 млн-нан астам бірегей өтініш қабылданды.

Төлем 2 млн 80 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 58 мың қазақстандыққа аударылды, деп хабарлайды ҚР ЕХӘҚМ.

МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2,3 млн-нан астам өтінімнің ішінде:

– 833,3 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;

– 578,9 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;

– 314,6 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 595,8 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

– 833,3 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);

– 186,5 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;

– 1 млн 302,8 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Төлем 2 млн 80 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 58 мың қазақстандыққа аударылды.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы