425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Іле ауданындағы компания мұқтаж жандарға 100 мың маска таратады

  • 236
  • UPD: 13:05, 30.07.2020
Іле ауданындағы компания мұқтаж жандарға 100 мың маска таратады

Алматы облысы Іле ауданындағы тауар өндіруші компания карантин кезінде мұқтаж жандарға қорғаныс заттарын тегін үлестірген. Ұжым ауруханаларға тағы 100 мың бетперде бергелі отыр. 1998 жылдан бері түрлі медициналық заттарды шығаратын цехта масканың 16 түрі тігіледі. Соның ішіндегі сапалысы көмір сүзгісі бар бетперделер.

Баян Демеуова, тауар өндіруші компанияның коммерциялық директоры:

-  Бізде заводта цехта күніне 360 мың маска шығады. Үш сменадан. Сондықтан қазір бөлініп отырған 100 мың қайырымдылыққа беріп жатқан маскаларымызды қазір акиматтың айтуы бойынша олардың сұранысы бойынша қазір 23 больницаға жібереміз. Ол жерде 23 мың больницада 5340 койкорын бар екен. Адресті бізге қандай больницаға жіберетінімізді акимать арқылы біліп өзіміз әр больницаға жеткізіп береміз.

Хабар 24 телеарнасы