423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда Құрбан айт кезінде тексеру бекеттері қойылады

  • 324
  • UPD: 13:17, 30.07.2020
Атырауда Құрбан айт кезінде тексеру бекеттері қойылады

Атырауда тексеру бекеттері қайта қойылады. Алайда бұл жолы қаланың кіребесіне орнатылатын арнайы өткізу пунктерінен төрт түлікті алып кіруге қатаң тыйым салынады.

Жаңа қаулы Құрбан айт мерекесіне байланысты енгізілген. Шектеу шарасы 31 шілдеден бастап 2 тамызға дейін ғана жалғасады. Ал тұрғындардың қалаға кіріп шығуына тыйым салынған жоқ.

Жанар Досымбаева, Атырау облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары:

- Мұны қадағалау Полиция департаменті мен Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясына бекітілген. Уақ ірі малдарды әкелуге тыйым салынады. Ал қала тұрғындарының кіріп шығуына рұқсат.

Хабар 24 телеарнасы