423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте карантинге бағынбаған кәсіпкерлер жазаланды

  • 186
  • UPD: 14:03, 30.07.2020
Шымкентте карантинге бағынбаған кәсіпкерлер жазаланды

Шымкент қаласының прокуратурасы жергілікті кәсіпкерлер арасында карантин режимін бұзған 159 жайтты анықтады.

Мәселен, қаладағы сауда үйінің бірі нысанға іргелес аумақта  тұрмыстық техника сатуды ұйымдастырған. Оған шамамен 200 адам жиналған. Ал дәмханалар мен бильярд клубы, бірнеше монша кешені халыққа заңсыз қызмет көрсеткен. Дәріханаларда дәрілерді белгіленген бағадан қымбат сатудың 106 дерегі анықталды. Тексеріс кезеңінде айналымнан 22 мыңнан астам дәрілік препараттар шығарылып денсаулық сақтау басқармасына өткізілді. 64 дана рұқсат етілмеген дәрілік заттарды жою мақсатында сот қаулысымен тәркіленді. 

Руслан Зауырбеков, қалалық прокуратураның аппарат басшысы:

- Шектеу талаптарын бұзғандығы үшін әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабымен бүгінгі таңға 91 тұлға жауапкершілікке тартылды. Жалпы салынған айыппұлдардың сомасы 4,5 миллионнан асады. Қалған субьектілерге қозғалған әкімшілік істер қаралу сатысында. Сонымен қатар дәріханалардағы бағаның шарықтау шегінен асып кеткен дәрілерді сату деректері де анықталған. Бұл шаралар бойынша да бізбенен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426-428-баптарымен жауапкершілікке тартылуда.

Хабар 24 телеарнасы