431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мал бағып жүріп жоғалып кеткен 8 жастағы бала табылды

  • 324
  • UPD: 14:24, 30.07.2020
Мал бағып жүріп жоғалып кеткен 8 жастағы бала табылды

Түркістан облысында жоғалып кеткен сегіз жасар бала табылды, деп хабарлады Polisia.kz.

Жетісай АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып, өзінің сегіз жастағы ұлы сағат 16:30 шамасында үйінен мал бағуға шығып кетіп, содан қайта оралмағандығын айтқан.

Кәмелет жасына толмаған жасөспірім баланы аман-сау табу мақсатында аудандық полицейлер, әкімшілік қызметкерлері және еріктілер бірлесіп, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Полицейлер ауыл ішін, көшелерді мұқият қарап шықты. Іздестіру жұмыстары жайылымдық, егістік алқаптарында, арық-каналдарында жүргізілді. Соның нәтижесінде учаскелік полиция инспекторы Сапархан Кайпов пен әкесі із-түссіз жоғалған баланы таңертеңгі сағат 08:30 шамасында ауыл жанынан, егістіктен тапты.

Тергеу барысында бала малдарын таппай қалғандықтан, үйіне қайтуға қорқып, өзінің үйінің жанындағы отын арасында ұйықтағанын айтты. Содан кішкентай бала таң ата салысымен қайтадан малдарын іздеп шыққаны белгілі болды. Қазіргі таңда баланы қараусыз жіберген ата-анасын әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда.

Хабар 24 телеарнасы