423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19. Отандық вакцина сынақтан сәтті өтуде

  • 358
  • UPD: 20:26, 30.07.2020
COVID-19. Отандық вакцина сынақтан сәтті өтуде

Коронавирустық инфекцияға қарсы Қазақстандық вакцина сынақтан мүдірмей өтіп жатыр. Өте қысқа уақыт ішінде жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижесінде, яғни 9 мамырда ғалымдар алғашқы вакцинаны шығарды.

15 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны өз сайтында клиникаға дейінгі сынақтарға арналған вакцина ретінде тіркеді. Сол күні зертханалық жануарларға вакцинаның клиникаға дейінгі сынақтары басталды: тышқандар, егеуқұйрықтар, гвинея шошқалары, қояндарға сынақ жүргізілді.

Бүгінгі таңда нәтижелері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы регламенттеген барлық параметрлер бойынша, атап айтқанда, уыттылық, пирогенділік, аллергенділік, иммуногендік талаптарына сәйкес келетінін көрсетті.

Ерғали Әбдірайымов, биологиялық қауіпсіздік проблемалары бойынша ғылыми зерттеу институтының жетекшісі:

– Сонымен қоса вакцина зиянсыздығы приматтарға егілді. Бұл тұрғыда вакцина жануарлар организміне зиянсыз екенін көрсетті. Жалпы қазір институтымыздың ғалымдары бес түрлі вакцинаны әзірлеп жатыр. Соның ішінде бірінші вакцинамыз клиникаға дейінгі сынақтан өтіп жатса, қалған вакциналар әзірленуде. Вакциналар клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтан соң денсаулық сақтау министрлігінің шешімімен адамдарға егуге рұқсат беріледі.

Хабар 24 телеарнасы