428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да салынған жолдың сапасы прокуратура назарына ілікті

  • 229
  • UPD: 15:39, 30.07.2020
СҚО-да салынған жолдың сапасы прокуратура назарына ілікті

Солтүстік Қазақстан облысында өткен жылдың күзінде жөндеуден өткен «Благовещенка-Қайранкөл» бағытындағы жолдың сапасы прокуратураның назарына ілікті.

Жол қаптамасына жүргізілген зерттеу жұмыстары құрылыс барысында кеткен олқылықтарды анықтады. Төселген асфальттің сапасы сын көтермейді. Облыстық маңызы бар тасжол тапсырысқа берілген бірнеше айдан кейін ой-шұңқырлар пайда болған. 18 шақырымдық автокөлік жолын жөндеуге мемлекеттік қазынадан 600 миллион теңге жұмсалған. 

Александр Трикачев, прокуратура басқармасының басшысы:

- Біздің  тапсырмамызға сәйкес экономикалық қылмысты тергеу департаменті тексеру жүргізіп, «Ұлттық жол активтері сапасы» филиалының мамандары, мемлекеттік ішкі аудитпен  шолу жасады. Соның қортындысы бойынша шілде айының 24-де 189-баптың, 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу амалдары жүріп жатыр. Сараптама нәтижесі бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі анықталатын болады.

Хабар 24 телеарнасы