421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп саласы оң нәтиже көрсетуде

  • 205
  • UPD: 16:08, 30.07.2020
Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп саласы оң нәтиже көрсетуде Baribar.kz

COVID-19 пандемиясына, мұнай бағасының төмендеуіне, ұлттық валютаның девальвациясына қарамастан, жеңіл өнеркәсіптің нақты көлемінің ағымдағы индексі оң динамиканы көрсетуде.

2020 жылғы қаңтар-маусымда өнімнің НКИ 2019 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 108% құрады. Саладағы өсім жеңіл өнеркәсіптің барлық кіші салаларында байқалады.

Тоқыма бұйымдарын өндіру – 108,4%, оң нәтиже мақта талшығын, мақта маталарын және төсек-орын жабдықтарын өндіру көлемінің өсуіне байланысты. Киім өндірісінің НКИ өсуі-102,1% негізінен мемлекеттік тапсырыс бойынша арнайы киім жеткізу, сондай-ақ COVID-19 пандемиясымен күрес кезеңінде бетперделер мен арнайы киім тігу есебінен қамтамасыз етілді. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бетперделер өндірісіне 70-тен астам тігін кәсіпорындары тартылды: «Dalatex» ЖШС, «Большевичка» ЖШС, «Эко-Фарм» ЖШС, «ҚазЛегПром» ЖШС, «Жанарыс» ЖШС және т.б. Былғары және оған жататын өнімдер өндірісінің өсуі – 106,6%, арнайы аяқ киім жеткізуге сатып алу бойынша келісімшарттар жасасқан аяқ киім компаниялары есебінен негізделген.

Ақпарат көзі: ҚР ИИДМ

Хабар 24 телеарнасы