429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада 87 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр

  • 233
  • UPD: 16:17, 30.07.2020
Қызылордада 87 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр

Биыл Қызылордада «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1406 пәтерді құрайтын 87 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов мәлімдеді.

«Жүргізіліп жатқан құрылыстың 815 пәтерінің 20-сы жалға берілсе, 215 пәтердің 57-сі несиеге және 376 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы жеке компаниялар есебінен жүзеге асады. Бұған қоса, жыл соңына дейін 698 отбасы пәтерді жалға алса, ал 115-і кредиттік тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ жеке құрылыс салушылар есебінен 156 пәтерлі 4 тұрғын үй пайдалануға беріледі»,- деді Арнұр Әлібекұлы.

Бұдан бөлек, «Бақытты отбасы» әлеуметтік бағдарламасы аясында табысы төмен көп балалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылардың тұрғын үй алуға қолжетімділігін арттыру мақсатында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жылдық 2%-пен тұрғын үй қарыздары берілуде.

Хабар 24 телеарнасы