420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында ауыл әкімі бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

  • 263
  • UPD: 17:07, 30.07.2020
Қостанай облысында ауыл әкімі бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

Қостанай облысы Қашар ауылының әкімі бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Қостанай облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті хабарлады.

Әкім қызметтік көлікті жөндеуге бөлінген 1,4 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыруға тырысқан.

Іс жүзінде автокөлік жөндеуден өтпеген. Күдікті қаржыны жымқыру үшін жеке кәсіпкердің есепшотына аударып жіберген.

Хабар 24 телеарнасы