Негізгі жұмыстар №1 техникалық аумақта және оның айналасында жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оған 900-ге жуық әскери қызметші мен 130 бірлік техника жұмылдырылды. Қауіпсіздік шаралары сақталған. Қазір мұнда оқ-дәрі қалдықтарын іздеу және жою жұмыстарынан бөлек, жарылыс қаупі бар заттарды сұрыптауға да көңіл бөлінген. Бүгінде әскери қызметшілер қалашығының инфрақұрылымы да толық қалпына келтірілді. Жарылыс салдарының жойылуына Ресей, АҚШ және БҰҰ-ның минаға қарсы орталығындағы сарапшы мамандары куәлік еткен. Қорғаныс министрі жеке құрам мен арнайы жасақтарға алғыс айтып, қызметіне жоғары баға берді.