432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде және әлемде қой шаруашылығы қалай дамып жатыр?

  • 420
  • UPD: 10:17, 31.07.2020

Жылдағы дәстүр бойынша бұл қасиетті мерекеде мұсылман қауым құрбандық шалуға асығады, хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мал базарында сауда қызады деген сөз. Әсіресе, қой алушылар көбейеді. Жалпы елімізде және әлемде қой шаруашылығы қалай дамып жатыр?

Наргиз Бекмағанбетова, тілші:

- Қазір нарықта етті қой тұқымы сұранысқа ие. Алматы облысының маңайында орналасқан қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында отандық қой тұқымына асылдандыру жұмыстары жүргізіледі. Қазірдің өзінде қазақтың биязы жүнді қойы, арқар-меринос, етті меринос пен қазақстандық меринос бар. Бұдан өзге ет-май беретін еділбай, қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойларының тұқымдaрын жeтілдіріп жатыр.

Темірхан Кенжебаев, Қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары:

- Иле-де-Франс қой тұқымын алатын болсақ. Шетелден әкелудің негізгі мақсаты – еттілік пішіні мен еттілік қасиеттерін арттыру. Жергілікті бағытта, етті-майлы бағытта, аралас өнім бағытта. Сыртқы нарықта қозы етіне деген сұраныс жоғары. Қазіргі таңда ішкі нарықты қамтамасыз ету бағытында ғана емес, сыртқы нарықтың талаптарына сай қой өнімдерін шығару біз үшін маңызды болып саналады.

Мамандардың айтуынша, елдегі қой шаруашылығын дамытуда шетелдік тәжірибенің маңызы зор. Сондықтан ғылыми зерттеу институтында Франция, Австралия сынды елдерден әкелінген асылтұқымды қойлардың ұрығын пайдаланады. Нәтижесінде салмағы 190 келіге дейін жететін Шопан ата төлдері пайда болған.

Темірхан Кенжебаев, Қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары:

- Заман атты қошқардың салмағы – 168 кг. Биіктігі – 103 см. Өткен жылы ғылыми шаруашылықта пайдаланған қошқардың 3,5 айлық қозылардың салмағы – 40-45 кг. Жергілікті қазақтың қылшы жүнді саулықтардың аналогтарды пайдалану нәтижесінде жергілікті қойлармен салыстырғанда 6-8 кг жоғары.

Шет мемлекетте қой шаруашылығы қарқынды дамыған. Мәселен, Анадолының жайлауында қойдың түр-түрін кездестіруге болады. Олардың бірі аққараман деп аталады. Ол климаттық жағдайларға өте төзімді болып келеді. Сондай-ақ моркараман, дағлыч, ивеси және қарагүл қойлары да бар. Олардың ерекшелігі құйрық майында.

Мухсин Кучук, шаруа:

- Қой өсіру ата-бабадан бізге жеткен мұра. 1250-ге жуық қойым бар. Әрбір қой 1 жас 8 айға толған кезде құрбандық мал ретінде сатуға шығарамыз. Аққараман қойын жылдар бойы өсіремін. Бұл іспен 2-3 жылда айналысып, тастап кететіндер көп. Сондықтан қой шаруашылығында аса шыдамдылық қажет.

Түркияда мемлекет тарапынан қой шаруашылығына ауқымды қолдау көрсетіледі. Елде әрбір саулыққа жыл сайын субсидия беріліп, маусымдық екпелері тегін жасалады. Сол арқылы түркиялық шаруалар қой өсіру саласы бойынша алдыңғы қатарда келеді. Ал біздің елде бұл салаға мемлекеттік қолдау көрсету енді ғана қолға алынып жатыр.

Авторлары: Наргиз Бекмағанбетова, Жандос Айтбай, Меруерт Қанағат

Хабар 24 телеарнасы