428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында пневмонияға қатысты құпия болған қайғылы статистика жарияланды

  • 374
  • UPD: 11:49, 31.07.2020
Павлодар облысында пневмонияға қатысты құпия болған қайғылы статистика жарияланды

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы өңірдегі пневмонияға қатысты мәлімдеме жасады, хабарлайды «Хабар 24».

Аймақтың бас дәрігері алдымен бұған дейін құпия болған қайғылы статистиканы жариялады. Биылғы жылдың басынан бері өңірде пневмониядан 428 адам көз жұмған. Оның ішінде 85 адам маусым, ал 314 адам шілде айында қайтыс болғаны белгілі болды. Сала мамандарының хабарлауынша, қайтыс болған науқастарға аурудың әр алуан түрлері бойынша диагноздар қойылған. Өлім-жітім оқиғаларының басым бөлігі шілде айында тіркеліпті. Қазіргі таңда аймақта пневмония жағдайларын анықтаудың жаңа тәсілдері енгізілді. Яғни, аурудың коронавирустық түрі бойынша есеп жүргізіле бастады. Бүгінге дейін аурудың осы түрінен сегіз адам қайтыс болды. Жалпы ауруға душар болғандардың басым бөлігі егде жастағы адамдар болып шықты. Салалық ведомство басшылығы қайғылы жағдайлар үшін медицина қызметкерлерін кінәламауды сұрады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста COVID-19 инфекциясын 3052 адам жұқтырған. Госпитальдерде 1300-ден астам ем қабылдап жатыр.

Біржан Досмайылов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м. а.:

- Олардың қаншасы пневмониядан қайтыс болғанын анықтау мүмкін емес, өйткені аутопсия жүргізілмеген. 18 шілдеге дейін өлімнің статистикасы пневмонияны бөлмей, жалпы жүргізілді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының келісімі бойынша коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықты кодтаудың жаңа жүйесін енгізуді бастады. 18 шілдеден бастап пневмонияны клиникалық анықтаудың жаңа әдісіне көшті. Яғни, сол күннен бастап біз коронавирустық пневмонияны бөле бастадық.

Хабар 24 телеарнасы