426,50 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында жаңа оқу жылына дайындық қыза түсті

  • 331
  • UPD: 12:15, 31.07.2020
Ақтөбе облысында жаңа оқу жылына дайындық қыза түсті

Тек Мұғалжар ауданы бойынша үш мектеп пен бір аула клубы күрделі жөндеуден өтіп жатыр, хабарлайды «Хабар 24».

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында қайта жаңартылып жатқан нысандардың қатарында Қандыағаш қаласындағы №4 орта мектеп те бар. Білім мекемесінің есік-терезелері түгел ауыстырылып, едені мен төбесі, тіпті жылу және электр желілері де толық жаңаланбақ. 800 орындық білім ошағы екі ауысымда жұмыс істейді. Жөндеу жұмыстары тамыздың соңына дейін аяқталады деген жоспар бар. Бұдан өзге қазір білім бөлімі қашықтықтан оқыту жүйесіне әзірленіп жатыр.

Ерік Бұхарбаев, Мұғалжар аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары:

Қазіргі таңда жетіспей тұрған сол құрал-жабдық, ноутбук, т.б. интернет желісіне қосылу деген мәселелер аудандық білім бөлімі тарапынан облыстық білім басқармасына сұраныс берілді. Соның барлығы уақытында орындалады деп күтілуде. Сондай-ақ жергілікті жерде демеушілердің арқасында балаларға 100 шақты ноутбук алып береміз деп ойлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы