429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысына БАӘ-ден гуманитарлық көмек жеткізілді

  • 283
Түркістан облысына БАӘ-ден гуманитарлық көмек жеткізілді gov.kz

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасы Біріккен Араб Әмірліктерінен келген гуманитарлық көмекті қабылдап алды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мамандарының бақылауымен келген әрбір зат қатаң тексерістен өтті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 жасанды тыныс аппараты мен 35 мыңға жуық қорғаныс маркалары және 700-ге тарта емдік шөп-шай бірден аудандық ауруханаларына үлестірілуде.

Арнайы жасалған тізім бойынша тіркелген науқастар саны мен медициналық заттардың қажеттілігіне қарай медициналық мекемелерге тиесілі болмақ.

Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы арнайы сатуға тыйым салынады деген мөрді басып беру арқылы заңсыздыққа жол бермеуді көздеп отыр.

Айта кетейік, бүгінге дейін өңірімізге 10-ға жуық елден гуманитарлық көмек келген. Олардың ішінде Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Түркия, Қытай мемлекеттері бар.

Хабар 24 телеарнасы