426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматының кіреберістеріне 14 полиция бекеті қойылып, жүк көліктері тексерілуде

  • 214
  • UPD: 14:31, 31.07.2020

Құрбан айт қарсаңында Алматының кіреберістеріне қойылған полиция бекеттерінде 851 жүк көлігі тексеріліп, мал тиеген 89 көлік кері қайтарылды, хабарлайды «Хабар 24».

Себебі, карантин талаптарына сай қалада мал сатуға, оны союға тыйым салынған. Құрбандық шалу тек онлайн тәртіпте жүзеге асырылады.

Алматыда жылдағы көз үйренген көрініс биыл байқалмайды. Қала шетінде тізіліп тұратын мал тиелген көліктер жоқ. Құрбан шалу рәсімі онлайн болғандықтан, сойылатын малдардың тек Абай ауылындағы базарға жеткізілуі қатаң қадағаланады. Ол үшін қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысымен Алматының кіреберістеріне 14 полиция бекеті қойылып, жүк көліктері мұқият тексерілуде.

Манап Саттаров, жергілікті полиция басқармасының басшысы:

- Бүгінгі таңда 851 ауыр жүк көліктері тексеріліп, 89-ы кері қайтарылды. Және екі көлік құжатсыз болғандықтан, полиция басқармасына жеткізілді. 89 көліктің кері қайтарылуы, олардың құжаттары болды, бірақ қаланың ішіне кірмеуі туралы қаулыны көрсетіп, кеубіреуі бұл қаулының бар екенін білмеді. Соны түсіндіріп айтып, Алтын сақа базарына қайтарылды.

Сондай-ақ мал тиелген тағы екі көлік полиция бөлімшесіне жеткізілген. Себебі, көліктегі малдың құжаты, ветеринарлық анықтамасы болмаған. Ал, қала сыртындағы бақылау бекеттері 2 тамызға дейін тәулік бойы жұмыс істейді.

Qurban2020.kz порталына құрбандық шалу үшін 100-ге жуық адам өтініш қалдырған. Тапсырыс қабылдау әлі де жалғасуда. Ал, ниет етіп сойылған малдардың еті толықтай мұқтаж жандарға таратылады.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Айдар Әбдешов

Хабар 24 телеарнасы