420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавируспен күресіп жатқан медқызметкерлердің отбасыларына көмек көрсетілді

  • 260
  • UPD: 15:52, 31.07.2020
Коронавируспен күресіп жатқан медқызметкерлердің отбасыларына көмек көрсетілді

Қызылорда облысында коронавируспен күреске жұмылған 100-ден аса медицина қызметкерінің отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді, хабарлайды «Хабар 24».

Игі шараға Қазақстан халқы ассамблеясының облыстық бөлімшесі ұйытқы болды. Бірқатар этномәдени бірлестіктер, меценаттар мен қоғамдық ұйымдар атсалысты. «Достық үйінің» волонтерлері азық-түлік себеттері мен құрбандыққа шалынған мал еттерін үйді-үйге жеткізіп беруге үлес қосты. Ауқымды шара облыстың барлық аудандарында жалғасын тауып, ақ халатты абзал жандарға азық-түлік үлестіріліп, қаржылай көмек те берілді.

Қанат Ақылбеков, облыстық ҚХА жанындағы волонтерлер орталығының үйлестірушісі:

- Коронавирус індетімен күреске жұмылған барлық дәрігерлерге қолдау білдіріп, халық атынан алғысымызды білдіру болып табылады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан мүмкіндігінше әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар болса деген бізден ұсыныс болды. Соның ішінде бізге тізім берілді. Негізінен аяжандар, медбикелер, сол категориядағы медициналық қызметкерлер қамтылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы